"Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушысының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 154 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2016 жылғы 26 шілдедегі № 220 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 тамызда № 14143 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 10.01.2017 № 5 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 1-тармағы 2) тармақшасы және Атырау облыстық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 03-4/755 ұсынысына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ірі қара мал арасында "нодулярный дерматит" (экзотикалық ауру) ауруының анықталуына байланысты Атырау облысы Құрманғазы, Исатай аудандарының және Атырау қаласының Дамбы, Кеңөзек ауылдық округтерінің аумағына карантин белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Нақпаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы Ғ. Дүйсембаев