Нарық кеңесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 305 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 13 тамызды № 14106 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес Тайынша ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Аудан әкімінің шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің 2016 жылғы 2 сәуірдегі N 21 шешімі (Әділет органдарында НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 3678, 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 16 "Тайынша таңы", 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 14 "Тайыншинские Вести" аудандық газеттерінде жарияланған);
      2) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің 2016 жылғы 31 наурыздағы N 18 шешімі (Әділет органдарында НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі департаментінде 2016 жылғы 4 сәуірдегі 3677, 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 16 "Тайынша таңы", 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 14 "Тайыншинские Вести" аудандық газеттерінде жарияланған)
       2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Иманслям