"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 248 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 маусымда № 13804 болып тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
      199-тармақ мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
      «22) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру есебінен іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған шартта орындаушы Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама қорытындысын алғаннан кейін түпкілікті төлемді жүзеге асыру міндетті шартының болуы.»;
      309-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «309. Келісім жасасу кезіндегі негізгі сәттер:
      1) Келісім жасасу кезінде мақсаттарды, міндеттерді, тікелей және соңғы нәтижелерді ескерген жөн, онда:
      «Мақсаттары» деген 2.2-тармақта мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына сәйкес түпкілікті нәтижеге қол жеткізуге бағытталған мақсаттары көрсетіледі;
      «Міндеттері» деген 2.3-тармақта мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына сәйкес мақсатқа қол жеткізуге бағытталған міндеттері көрсетіледі;
      «Тікелей нәтижелер» 2.4-тармағында нысаналы даму трансферттері бойынша ағымдағы қаржы жылына жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұсынған бюджеттік өтінімге сәйкес нысаналы даму трансферттері шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялардың атаулы тізбесі көрсетіледі. Бұл ретте ұзақ сипаттағы объектілерді іске асырған жағдайда ағымдағы қаржы жылына орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі көрсетіледі, ал оларды аяқтаған жағдайда ағымдағы қаржы жылында аяқталған инвестициялық жобалардың атаулары көрсетіледі;
      «Түпкілікті нәтижелер» деген 2.5-тармақта мемлекеттік орган қызметінің тікелей нәтижелерге қол жеткізуіне негізделген стратегиялық жоспардың, аумақты дамыту бағдарламасының және (немесе) бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізуді санмен өлшейтін бюджеттік бағдарлама көрсеткіші көрсетіледі.
      Түпкілікті нәтижені айқындау кезінде саладағы (қызмет аясындағы) бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға байланысты проблемалардың шешілуін көрсеткен жөн.
      2) Келісімнің 1-қосымшасын толтыру бойынша:
      Нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізулер туралы аралық есепте тікелей нәтижелерге нақты қол жеткізу туралы, осы кезеңге жоспарланған нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептерін көрсете отырып, нысаналы трансферттер сомасының белгілі бір уақыт кезеңіндегі игерілуі туралы деректер келтіріледі.
      Келісімнің 1-қосымшасы мынадай тәртіппен жасалады:
      «Мемлекеттік органның атауы» деген жолда Келісім жасасқан жергілікті атқарушы орган көрсетіледі;
      «Нысаналы трансферттің атауы» деген жолда жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының (кіші бағдарламасының) атауы көрсетіледі;
      «Есеп кезеңі» деген жолда есепті қаржы жылының жарты жылдығы көрсетіледі;
      «Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражаттар сомасы» деген жолда 1 шілдедегі жағдай бойынша жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттердің сомасы көрсетіледі;
      «(бюджеттік бағдарламаның атауы)» және «(бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды» деген жолдарда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер іске асырылатын төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының (кіші бағдарламасының) атаулары мен коды толтырылады;
      «Тікелей нәтиже» деген жол бойынша:
      «Көрсеткіштер атауы (жоспардағы іс-шаралар)» деген бағанда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген, жасалған Келісімде көзделген әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша жоспарланатын (орындалатын) іс-шаралар көрсетіледі.
      «Іс-шаралардың іс жүзінде орындалуы, нәтижелерге қол жеткізу сатысы» деген бағанда көзделген бюджет қаражаты шегінде орындалған іс-шаралар көлемінің сандық сипаттамасы көрсетіледі. Тікелей нәтижелер әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша толтырылады;
      «Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері» деген бағанда атқарылмау сомасына байланысты нысаналы трансферттер бойынша тікелей нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептері егжей-тегжейлі сипатталады. Жоспарланған іс-шаралар кестеден кешіккен жағдайда кешігу себептері көрсетіледі;
      «Жоспар мың теңгемен» және «Іс жүзіндегі орындалуы мың теңгемен» деген бағандарда есепті қаржы жылының 1 шілдесіндегі жағдай бойынша жоғарғы тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің сомасы мен олардың есепті қаржы жылының 1 шілдесіндегі жағдай бойынша төленген міндеттемелер сомалары көрсетіледі;
      «Ауытқуы мың теңгемен» деген бағанда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің сомасы мен олардың есепті қаржы жылының 1 шілдесіндегі жағдай бойынша нақты атқарылу сомасы арасындағы айырма көрсетіледі.
      3) Келісімнің 2-қосымшасын толтыру бойынша:
      Нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізулер туралы қорытынды есепте тікелей нәтижелерге нақты қол жеткізу туралы, осы кезеңге жоспарланған нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептерін көрсете отырып, нысаналы трансферттер сомасының ағымдағы қаржы жылы игерілуі туралы деректер келтіріледі.
      Келісімнің 2-қосымшасы мынадай тәртіппен жасалады:
      «Мемлекеттік органның атауы» деген жолда Келісім жасасқан жергілікті атқарушы орган көрсетіледі;
      «Нысаналы трансферттің атауы» деген жолда жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының (кіші бағдарламасының) атауы көрсетіледі;
      «Есеп кезеңі» деген жолда есепті қаржы жылы көрсетіледі;
      «Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражаттар сомасы» деген жолда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттердің сомасы көрсетіледі;
      «(бюджеттік бағдарламаның атауы)» және «(бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды» деген жолдарда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер іске асырылатын төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының (кіші бағдарламасының) атаулары мен коды толтырылады;
      «Тікелей нәтиже» деген жол бойынша:
      «Көрсеткіштер атауы (жоспардағы іс-шаралар)» деген бағанда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілуі тиіс, жасасқан Келісімде көзделген әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша жоспарланатын (орындалатын) іс-шаралар көрсетіледі;
      «Іс-шаралардың іс жүзінде орындалуы, нәтижелерге қол жеткізу сатысы» деген бағанда көзделген бюджет қаражаты шегінде орындалған іс-шаралар көлемінің сандық сипаттамасы көрсетіледі. Тікелей нәтижелер әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша толтырылады;
      «Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері» деген бағанда атқарылмау сомасына байланысты нысаналы трансферттер бойынша тікелей нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептері егжей-тегжейлі сипатталады. Жоспарланған іс-шаралар кестеден кешіккен жағдайда кешігу себептері көрсетіледі;
      «Жоспар мың теңгемен» және «Іс жүзінде орындалуы мың теңгемен» деген бағандарда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің сомасы мен ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша төленген міндеттемелер сомасы көрсетіледі;
      «Ауытқуы мың теңгемен» деген бағанда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің сомалары мен олардың ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша нақты атқарылу сомасы арасындағы айырма көрсетіледі;
      «Түпкілікті нәтиже» деген жолда:
      «Жоспарланған көрсеткіштер (іс-шаралар)» деген бағанда әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша жасасқан Келісімде көзделген түпкілікті нәтижелер, яғни, кол жеткізілген тікелей нәтиженің мақсаттарға қол жеткізуде күтілетін әсері көрсетіледі;
      «Нәтижелерге нақты қол жеткізу» деген бағанда әрбір бюджеттік инвестициялық жоба бойынша түпкілікті нәтижелердің нақты орындалуы, яғни, қол жеткізілген тікелей нәтиже салаға қандай әсер көрсеткені, ондағы проблема қаншалықты шешілгені көрсетіледі;
      «Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері» деген бағанда түпкілікті нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептері егжей-тегжейлі сипатталады.
      4) 2) және 3)-тармақшаларда көрсетілген есептерге еркін нысанда толтырылған, нысаналы трансферттер есебінен саладағы (қызмет аясындағы) проблемалардың шешілуі, қол жеткізілген мақсаттар, нәтижелердің көрсеткіштері туралы түсіндірмелерді қамтитын талдамалық жазба қоса беріледі.
      Талдамалық жазба облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалануы туралы ақпаратты қамтиды, олардың есепті кезеңдегі жұмсалуының негізгі бағыттарын, қол жеткізілген мақсаттар мен нәтиже көрсеткіштерінің талдауын, нысаналы трансферттер бойынша нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу негіздемелері және себептерімен бірге нысаналы трансферттердің игерілген және игерілмеген сомаларының сипаттамасы қамтылады.
      Қаржы жылы ішінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың сомасын объектілер арасында қайта бөлген жағдайда талдамалық жазбада оларды қайта бөлу себептері көрсетіледі.
      5) Келісімде дамуға арналған нысаналы даму трансферттерінің бағытына қарай басқа да ерекше, заңнамаға қайшы келмейтін (міндеттер, құқықтар, жауапкершілік, Келісімге өзгерістер енгізу шарттары) шарттар көзделеді.»;
      502-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «502. Белгілі бір бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының құрамында бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың бөлуі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті орталық мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
      Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасына дейін бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың бөлу тәртібін әзірлейді және оны мүдделі бюджеттік бағдарламаның әкімшілеріне және жергілікті атқарушы органдарға жолдайды.
      Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасы Парламенті республикалық бюджетті бекіту (нақтылау) туралы заңды қабылданған күннен кейін бес жұмыс күннің ішінде бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың бөлу тәртібін бекіту туралы бұйрық жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға келісу үшін жолдайды.
      Бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың бөлу тәртібі бөлінетін бюджеттік бағдарлама бекітілген бюджет құрамында бөлінетін бюджеттік бағдарлама бекітілген жағдайда ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанынан кешіктірмей немесе бөлінетін бюджеттік бағдарлама нақтыланған бюджет құрамында бекітілетін жағдайда Қазақстан Республикасы Парламенті республикалық бюджет туралы заңды қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бұйрығымен бекітіледі.
      Осы тармақтың екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде көзделген нормалар бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптама жүргізуді, мемлекеттік-жекешелі серіктестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыруға қаражат бөлу тәртiбiне қолданылмайды.»;
      707-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «707. Осы Ереженің 705-тармағына сәйкес өтінімді ұсынғаннан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады және 2 ай ішінде экономикалық сараптамасын әзірлейді.»;
      733-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «733. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы кезекті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерві есебінен қолма-қол ақшаның тапшылығын жабуға Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыз алу және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінің тапшылығын қаржыландыруға ішкі нарықта айналысы үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару түрінде, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрiнде жүзеге асырылады.»;
      735736737-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «735. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы жергiлiктi атқарушы органның борыш лимитiн және басым (республикалық және жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн ескере отырып, тиiстi бюджет комиссиясының қарауына iшкi нарықта айналысы үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздарды шығару жолымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының қарыз алуы жөнiндегi ұсыныстарын жiбередi, сондай-ақ мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін және белгіленген тәртіппен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кезектi қаржы жылына арналған бюджетi туралы мәслихат шешiмінiң жобасын жасайды.
      736. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы қарыз шарты, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысы үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару нысанында жүзеге асырылады.
      737. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша Бюджет кодексінің 210-бабы 2-тармағына сәйкес жоспарланған жылға арналған жергiлiктi атқарушы органдардың борыш лимитiн белгілейді.»;
      738 және 739-тармақтар алынып тасталсын;
      740-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «740. Бюджет комиссиясының шешімі және бекітілген жергілікті бюджеттер тапшылығы өлшемдерінің негізінде, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы үшін бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Бюджет кодексінің 211-бабына сәйкес қарыз алу көлемі мен шарттарын, сондай-ақ кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілетін борышты өтеу мен оған қызмет көрсету мөлшерін айқындайды және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келіседі.»;
      882 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «882. Қазақстан Республикасы Yкіметінің МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін тіркеу тиісті МЖӘ шарттары, оның ішінде концессия шарттары негізінде МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемеге, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемеге және МЖӘ шартына, оның ішінде концессия шартына бірыңғай тіркеу нөмірін беру және МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер тізіліміне енгізу жолымен жүзеге асырылады.»;
      887 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «887. Жергілікті атқарушы органдардың МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін тіркеу МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемеге, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемеге және МЖӘ шартына, оның ішінде концессия шартына бірыңғай тіркеу нөмірін беру және оны МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер тізіліміне енгізу арқылы жүзеге асырылады.»;
      Ережеге 112-қосымшада:
      «10. Есепті ұсыну нысаны мен мерзімі» бөлімінің 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Әкімнің тікелей және түпкілікті нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізу туралы қорытынды есебі келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.***».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                             Б. Сұлтанов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _________________ Қ. Бишімбаев
      2016 жылғы маусым 7

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық банкінің төрағасы
      ________________ Д. Ақышев
      2016 жылғы маусым 6