"Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18-02/664 бұ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 211 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 маусымда № 13800 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бойынша нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18-02/664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11995 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      8 тарауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Орман қорын авиациялық қорғау жөніндегі жұмыстардың нормативтерi

Өрт қауiптілiгiнiң табиғи сыныптары бойынша орман түрлерi

Қорғалатын алаң, мың гектар

Әуе кемелерінің нормативтері (дана) оның ішінде

Өрт қауiптiлiгiнiң сыныбы

Өрт қауіптілi гінің тиiстi сыныбында нормативтiк ұшу сағаты, сағат/мың гектар

тікұшақтар

ұшақтар

1

2

3

4

5

6

7

1

Ертіс өңiрiнiң (Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары) қатты кеуiп қалған қарағайлы ормандары, уақытша және байырғы қайыңды ормандары мен көктеректi ормандары, тiзбектi тоғайлардың жайылмалы ормандары

931

4 (II-IV классты тік ұшақтар)


1
2
3
4
5

-

0,043
0,154
0,335
1,190

2

Қазақтың шағын адыры мен аралдағы қарағайлы ормандардың (Ақмола, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары) қатты кеуіп қалған және кеуiп қалған қарағайлы ормандары, байырғы және уақытша қайыңды ормандары мен көктеректі ормандары, жайылмалы ормандары

809

4 (II-IV классты тік ұшақтар)


1
2
3
4
5

-
0,096
0,205
0,466
0,979

3

Жоңғар Алатауының, Күнгей Алатауының, Терiскей Алатауының, Iле Алатауының (Алматы облысы) жартастағы шыршалы ормандары, мүкшөптi шыршалы ормандары және майқарағайлы ормандары, кеуіп қалған көктеректi ормандары, алма ағаштары және тоғайлы ормандары

1069

3 (I-классты 1 тікұшақ II-IV классты 2 тік ұшақтар)

2

1
2
3
4
5

-
0,151
0,274
0,317
0,442

4

Оңтүстік және Кендi Алтайдың, Сауыр Тарбағатайдың және Қалба жотасының (Шығыс Қазақстан облысы) кеуіп қалған және жартастағы қарағайлы ормандары, шыршалы ормандары, майқарағайлы ормандары, самырсынды ормандары, балқарағайлы ормандары, қайыңды ормандары және көктеректі ормандары

2686

4 (I-классты 1 тікұшақ II-IV классты 3 тік ұшақтар)

1

1
2
3
4
5

-
0,041
0,093
0,200
0,502

5

Қазақтың шағын адырының қатты кеуіп қалған және кеуіп қалған қарағайлы ормандары, байырғы және уақытша қайыңды ормандары мен көктеректі ормандары, жайылмалы ормандары (Қарағанды облысы)

90,3

1 (II-IV классты тік ұшақтар)


1
2
3
4
5

-
0,245
0,749
1,544
2,756

6

Сексеуілді және тоғайлы ормандар (Жамбыл облысы)

3283,7

1 (II-IV классты тік ұшақтар)

1

1
2
3
4
5

-
0,012
0,024
0,117
0,462


Авиациялық күзетуге жататын орман қорының барлық алаңы

8869

17

4



      Ескерту:
      1. Өрт қауiптiлiгiнiң мынадай сыныптарында (бұдан әрі – ӨҚС) күзету жиiлiгi мынаны құрайды:
      І ӨҚС-да ұшып аралау жүргiзілмейдi;
      ІІ ӨҚС-да күн ара – 1 ұшып
      III ӨҚС-да күн сайын – 1 ұшып аралау;
      IV ӨҚС-да күн сайын – 2 ұшып аралау;
      V ӨҚС-да күн сайын – 3 ұшып аралау.
      2. Күзету жиiлiгi жел жылдамдығы секундына 8 метрден асқан жағдайда, сондай-ақ өрт қаупi бар маусымның демалыс және мерекелi күндерiнде көбейтілуi мүмкiн.».
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _____________ Б. Сұлтанов
      2016 жылғы 19 мамыр