29.03.2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ________Ә. Исекешев
      2016 жылғы 18 сәуір

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ____________Б. Сұлтанов
      2016 жылғы «___»____________

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ______________ Е. Досаев
      2016 жылғы «___»____________

Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 29 наурыздағы
№ 141 бұйрығымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер
енгізілетін бұйрықтарының тізбесі

      1. «Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 18-02/144 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7605 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) санында жарияланған):
      Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау қағидаларында:
      12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шығарылған ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының сапасына жыл сайынғы жоспарлы тексеріс жүргізген кезде;»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Шығарылған ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының сапасын жоспарлы тексерген кезде ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бекітілген тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелеріне сәйкес жүргізіледі.
      Жоспарлы тексеруді жүзеге асырған кезде, тексеруді жүргізетін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тексерілетін ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының үлгілерін іріктейді және оларды Зертханаға жолдайды.».
      2. «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің нұсқамаларының нысандарын, оларды жасау және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-07/333 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8662 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 277 (28216) санында жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің нұсқамаларын жасау және беру қағидаларында:
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. «2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 142-бабына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер берілген нұсқамалардың есебін және ведомстволық есептілікті жүргізеді.».
      3. «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 232 (28455) санында жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ережеде:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Тексеру 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың және қадағалаудың өзге нысандары Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер тексеру нәтижелері туралы акті жасайды.»;
      1314 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Егер тексеру аяқталған соң қандай да бiр бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы тексеру актiсiнде тексерушi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектормен, мемлекеттік ветеринариялық дәрігермен тиiстi белгi жасалады.
      14. Тексеру нәтижелерi туралы актіге қажеттi құжаттардың көшiрмелерi мен тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса берiледi.
      15. Тексеру нәтижелерi туралы актi Кодекстің талаптарына сәйкес жасалады.
      Тексеру нәтижелерi туралы актінің данасы Заңның 14-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мөлшерде жасалады.».
      4. «Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 7-1/347 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11608 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау қағидаларында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау (бұдан әрі – бақылау) тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      Тексеру 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады, мемлекеттік бақылау және қадағалаудың өзге нысандары Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      Бақылауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар (бұдан әрі – ветеринариялық инспектор) және мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер (бұдан әрі – ветеринариялық дәрігер) жүзеге асырады.».
      5. «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларында және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарда:
      10-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жануарлардан алынатын өнімді, шикізатты, жемшөпті тасымалдау кезінде («Кедендік одақта ветеринариялық-санитариялық шаралар қолдану туралы» Кедендік одақ комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қағадалауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесінде «*» символмен белгіленген өнімнен басқа, ол бойынша тек эпизоотиялық саламаттылық расталса) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10410 болып тіркелген) бекітілген Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық зертхана немесе ұлттық аккредиттеу жүйелерінде аккредиттелген және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың бағалау сәйкестігі жөніндегі органдарының біріңғай тізіліміне енгізілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зертханалары берген сараптама актісі (сынақ хаттамасы);
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор өтініштерде көрсетілген мәліметтердің «Ветеринариялық (ветеринариялық–санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғынан тексереді, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық сертификатты беру журналына аталған мәліметтерді енгізеді, ветеринариялық зертхананың сараптама актілерін (сынақ хаттамасын), қайдан ауланғаны тұралы анықтаманы зерделейді, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні қарап тексеруді және көлік құралының ветеринариялық-санитариялық жай-күйінің үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерге) экспорттау кезінде қабылдаған экспорттаушы елдің талаптары мен қағидаларына сәйкестігіне, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге шығару кезінде Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігіне бағалауды жүргізеді.
      Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкестігі анықталған кезде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор қолымен және мөрімен расталған ветеринариялық сертификат беріледі.
      Өтініш түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беріледі.
      «Кедендік одақта ветеринариялық-санитариялық шаралар қолдану туралы» Кедендік одақ комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық сертификаттардың бірыңғай нысанына сәйкес Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) талаптардың 39-тарауында көрсетілген дайын сүт, май және балық өнімдеріне арналған № 4 нысандағы ветеринариялық сертификат өтініш берген күні ресімделеді.».
      21-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру нәтижелері туралы акті жасайды және осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге шешім қабылдау үшін тексерістің аяқталуына кеш емес мерзімде тізімдегі мемлекеттік ветеринариялық дәрігердің қарауына енгізеді.».


Дата вступления в силу:  17.05.2016
Дата изменения акта:  29.03.2016
Дата принятия акта:  29.03.2016
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесі 25.05.2016 ж.; ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 13.06.2016 ж.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103012000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  102432
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  141
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  017000000000 / 001008000000
Форма акта:  ПРИК / ИЗМ
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz