"Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 ақпанда № 13028 болып тіркелді

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      «Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 10184 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 19 мамырдағы № 91 (28569) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларының:
      2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Дінтану сараптамасының (бұдан әрі – сараптама) жүргізілуін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) қамтамасыз етеді.»;
      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      «8-1. Сараптама жүргiзу мерзімі осы қағидалардың 11-тармағында қарастырылған жағдайларда 30 (отыз) күнтізбелік күнге ұзартылады. Уәкілетті орган сараптама жүргізу мерзімін ұзартқаннан кейін, осы қағидалардың 11-тармағында қарастырылған сұрау салулар жолдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Уәкілетті орган сарапшыға (сарапшыларға, сарапшылар тобының мүшелеріне) объект бойынша сараптама жүргізу үшін сұрақтар тізбесін ұсынады.».
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетіне белгіленген заңнамалық тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау үшін осы бұйрықтың елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаздағы данасының көшірмесі қоса берілетін электрондық жеткізгіштегі көшірмелерін жолдауды;
      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды;
      4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және спорт министрінің
      міндетін атқарушы                       М.Әзілханов