Теректі ауданы бойынша 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 81 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 наурызда № 3834 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 38 қаулысымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің аппаратының 29.12.2015 № 4588 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2–тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2–тармағына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі төмендегідей белгіленсін:
      1) 21 мен 29 жас аралығындағы жастар;
      2) зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б.Д.Қыстауов