Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық округінің Фазыл орны қыстағы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Жанақала ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 5 тамыздағы № 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 тамызда № 3968 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 1 шешімімен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 21-1-бабының 1-тармағына және  43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Уақытша ұстау изоляторларында қамауда ұсталатын сезіктілер мен айыпталушылар арасында туберкулезді анықтау және оларды айдап алып жүру жөніндегі тәртіпті бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы № 384, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 30 сәуірдегі № 439 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 12 маусымда № 1877 болып тіркелген және «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2002 жылы № 33, 669-құжат болып жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгіленген тәртіппен бір апта мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және                      Ішкі істер министрі
      әлеуметтік даму министрі                           Қ. Қасымов
      Т. Дүйсенова