22.12.2015

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 30.03.2018 № 14-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.
      2. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының аппарат басшысы (А. Хайруллин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Жанғалиев
      Мәслихат хатшысы Е. Таңатов


Дата вступления в силу:  14.01.2016
Дата изменения акта:  30.03.2018
Дата принятия акта:  22.12.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 28.01.2016 ж.; Электрондық түрде ҚР НҚА эталондық бақылау банкі, 02.02.2016 ж.; "Орда жұлдызы" 08.03.2016 ж. № 10
Место принятия:  100059004001
Орган, принявший акт:  159004000002
Регион действия:  100059004000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  97972
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  27-3
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  006002000000
Форма акта:  РЕШ
Юридическая сила:  1600
Язык акта:  kaz