Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 17-3 "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу турал

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 32-7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 4240 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2002 жылғы 8 тамыздағы "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 17-3 "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3408 тіркелген, 2014 жылғы 23 қаңтардағы "Бурлинские вести-Бөрлі жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес келесі редакцияда жазылсын.
      Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына 3-қосымшасы жетінші баған келесі редакцияда жазылсын:
      "7. 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар және жетім балалар – 5000 теңге".
      2. Бөрлі аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (Л. Букушева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы А. Манашев
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Куликешев

      "КЕЛIСIЛГEH"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
______________Б. Мәкен
28.12.2015 ж.

  Бөрлі аудандық мәслихатының
2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 32-7 шешіміне
қосымша
  Бөрлі ауданының әлеуметтік
көмек көрсету, оның
мөлшерлерін белгілеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындау қағидасына
1 қосымша

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері,
сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі


Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелері

Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі

1.
9 мамыр – Жеңіс күні
бір реттік
2.
15 ақпан – Ауғанстан аумағынан совет әскерлерін шығару күні
бір реттік
3.
26 сәуір – Чернобыль АЭС апатқа ұшырағандарды еске алу күні
бір реттік
4.
29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні
бір реттік
5.
1 маусым – Балаларды қорғау күні
бір реттік
6.
31 желтоқсан –Жаңа жыл күні
бір реттік