Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округінің Жаңабұлақ ауылы және Тасқұдық қыстағы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2015 жылғы 4 ақпанда № 3801 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Көпжасар ауылдық округі әкімінің 13.02.2015 № 4 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 13 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылдық округіне қарасты Базарқұдық қыстағы аумағында асыл тұқымды "Абердин-Ангус" мүйізді ірі қара малынан ринотрахеит ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ауыл округ әкімі С. Буранбаев