Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының аумағын аймақтарға бөлу туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 307 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 қазанда № 4115 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 366 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2015 № 366 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Аумақты аймақтарға бөлу ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылы 1 ақпанда № 6027 тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының бұйрығына сәйкес, "Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округінің Чернышов қыстағы аумағында карантин белгілеу туралы" Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 14 қыркүйектегі № 12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4046 тіркелген) шешімі және Батыс Қазақстан облысы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 2-7/1524 ұсынысы негізінде ұсақ мал арасында шешек ауруының әкелінуінің және таралуының алдын алу мақсатында, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының аумағы мынадай аймақтарға бөлінсін:
      1) Жаңабұлақ ауылдық округінің Чернышов қыстағының аумағы енгізілген 5 километрлік радиустағы ұсақ мал арасында шешек ауруының эпизоотиялық ошағы бар қолайсыз аймақ;
      2) Жаңабұлақ ауылдық округінің "Жаңабұлақ" ауылының, "Тасқұдық", "Железнов", "Иванаев", "Карташов", "Святой", "Сарыкөл", "Туренин", "Грачи-2", "Әбілсай", "Борзиков", "Тартүбек", "Қоғалы", "Фокей" қыстақтарының, Бударин ауылдық округінің "Шляпин", "Самаркин", "Пузаткин" қыстақтарының аумақтары енгізілген 25 километрлік радиустағы буферлік аймақ;
      3) Жаңабұлақ ауылдық округінің "Қосшығыр" елді мекенінің, "Котлован" қыстағының, Қабыршақты ауылдық округінің "Первомай" ауылының, "Птичник", "Көлтабан" қыстақтарының, Жамбыл ауылдық округінің "Шошқақұдық", "Подхоз" қыстақтарының, Бударин ауылдық округінің "Бударин", "Самал", "Коловертное" ауылдарының, "Графкин", "№ 28 пикет", "Сүндет", "Тоған", "Үш аша", "Хамидолла", "Тальян", "Нефтепровод", "Ақжайық", "Атырау" қыстақтарының, Чапаев ауылдық округінің "Чапаев", "Жайық" ауылдарының, Мерген ауылдық округінің "Мойылды", "Жолап" ауылдарының, "Қонашкөл", "Антип", "Беляев", "Хохлацк", "Ақбала", "Ғилаж" қыстақтарының аумақтары енгізілген, буферлік аймақтан 50 километрлік радиустағы бақылау аймағы;
      4) Ақжайық ауданының белгіленген аймақтар шегінен тыс орналасқан аумақтары қолайлы аймақтарға жатқызылсын.
      2. "Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі (К. К. Ташимов), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (Т. М. Қонақбаев) (келісім бойынша), Ақжайық ауданының әкімдігі (А. Т. Жоламанов), осы қаулының 1-тармағында көрсетілген ауылдық округтердің әкімдері қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтегұловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы А. Өтеғұлов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Батыс
      Қазақстан облыстық аумақтық
      инспекциясының басшысының
      міндетін атқарушы
      ______________ Б. Е. Айтуғанов
      19.10.2015 жыл