Көкпекті аудандық мәслихатының 2013 жылғы 7 қарашадағы № 19-4/3 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы N 42-6/4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 қаңтарда N 4344 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Көкпекті аудандық мәслихатының 2013 жылғы 7 қарашадағы № 19-4/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3106 тіркелген, 2013 жылғы 6 желтоқсандағы "Жұлдыз"-"Новая жизнь" № 95-96 газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақта:
      үшінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек 9200 (тоғыз мың екі жүз) теңге көлемінде ұсынылады.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған қүнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы С. Жотабаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Беспаев