Көкпекті ауданының Көкжайық селолық округінің "Рустам" шаруа қожалығы бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 178 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 тамызда № 4093 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 350 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 23.12.2015 № 350 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына сәйкес және Көкпекті аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2015 жылғы 22 маусымдағы № 155 ұсынысы негізінде, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Көкпекті ауданының Көкжайық селолық округінің "Рустам" шаруа қожалығында ірі қара малдардың арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Ветеринария бөлімінің басшысы (Е. Толешов) Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының басшысы (С. Мукашев), Қазақстан Республикасы экономика министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Көкпекті аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы (Г. Абдрасулова) бірлесе отырып, тиісті шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Алмагуль Жанахметовна Акимоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Р. Сагандыков
      КЕЛІСІЛДІ:
      ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау
      және қадағалау комитетінің Көкпекті
      аудандық аумақтық инспекциясының
      басшысы С. Мукашев

      "27" 07 2015 жыл
      ҚР ЭМ ТҚҚК ШҚО ТҚҚ департаментінің
      Көкпекті аудандық басқармасының басшысы Г. Абдрасулова

      "27" 07 2015 жыл