Күршім аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-6 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 наурыздағы N 22-6 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 сәуірде N 3891 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 24/7-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 31.07.2018 № 24/7-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15 тармақшасына, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы" Күршім аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 21-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3661 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 6 ақпанда № 11 "Рауан" және "Заря" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібін айқындау қағидасында:
      2 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Л. Шоқаева
      Күршім аудандық
      мәслихаттың хатшысы Қ. Әбілмәжінов