Қарабұлақ ауылдық округіндегі Қарабұлақ ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 05 маусымдағы N 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 шілдеде N 4026 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы N 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 23.12.2015 N 2 шешімімен (қабылданған күннен бастап күшіне енеді).
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының ұсынысы негізінде Қарабұлақ ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты Қарабұлақ ауылының Жетіген көшесіндегі тұрғындарының бір табын мүйізді ірі-қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитарлық инспекторы С. Қожекеновке осы шектеу іс-шараларынан туындайтын талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қарабұлақ ауылдық округі әкімі Қ. Чилибаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Зайсан ауданының бас мемлекеттік
      ветеринариялық-санитарлық инспекторы С. Қожекенов

      08.06.2015 жыл