"Бородулиха ауданының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 31-6-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 38-12-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қаңтарда № 4359 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11- бабының 1-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43- бабы 1-тармағы 1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 6 бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Бородулиха ауданының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 31-6-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3914 нөмірімен тіркелген, аудандық "Пульс района" газетінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 38 (6866), "Аудан тынысы" газетінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 38 (547) сандарында жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1 қосымшаның тақырыбы, көрсетілген бекітілген шешімімен келесі редакцияда жазылсын:
      "Бородулиха ауданының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері".
      2 қосымшаның тақырыбы, көрсетілген бекітілген шешімімен келесі редакцияда жазылсын:
      "Бородулиха ауданының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері".
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
      Сессия төрағасы Д. Сәлімова
      Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов