"Риддер қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 26/17-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 14 шілдедегі N 36/10-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 07 тамызда N 4088 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2016 жылғы 08 маусымдағы № 3/2-VІ шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 08.06.2016 № 3/2-VІ шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 9 бабына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 26/17-V "Риддер қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы" шешіміне (нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 3363 тiркелген, "Лениногорская правда" газетінінің 2014 жылғы 06 маусымдағы № 23 санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      Аталған шешіммен бекітілген Риддер қалалық мәслихатының регламентіне:
       7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "7. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

В. ОСИПОВ

Қалалық мәслихат хатшысы

И. ПАНЧЕНКО