"Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 171 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 тамызда № 4084 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 2 ақпандағы № 37 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 02.02.2024 № 37 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 маусымдағы № 147 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3392, 2014 жылғы 22 шілдедегі № 83 (17020) "Дидар", 2014 жылғы 21 шілдедегі № 82 (19529) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулыға 1- қосымшада:
      реттік сандары 1, 5, 16, 17, 23, 38, 39 жолдары алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік саны 40-1 жолымен толықтырылсын:
      "

40-1  

"Мерей" сауда үйі (Жеке кәсіпкер "Дитц Андрей Юрьевич")

Қабанбай батыр көшесі, № 76 үй

      ";
      реттік сандары 44, 45, 46 жолдары алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік саны 59-1 жолымен толықтырылсын:
      "

59-1  

"Айғыз 1" сауда үйі (Жеке кәсіпкер "Кызбаев Талгатбек Айтмухаметулы")

Әуезов көшесі, № 30б үй

      ";
      мынадай мазмұндағы "Зайсан ауданы" бөлімімен толықтырылсын:
      "

Зайсан ауданы

66   

"Рус Дин" сауда үйі (Жеке кәсіпкер "Акмадияр Назигуль")

Зайсан қаласы, Малдыбаев көшесі, № 64 үй

      ";
      аталған қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы реттік сандары 26-1, 26-2 жолдарымен толықтырылсын:
      "

26-1   

Ырғызбай ауылдық округі, "Әулие Ырғызбай" кесенесі, намазхана

26-2

Қарасу ауылдық округі, Қараой елді мекені, намазхана

      ".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Ахметов