Атауы жоқ көшеге атау беру туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Кемербастау ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 34 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда № 3480 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Занының 14 бабының 4)тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Оңтүстік Қазақстан облысы ономастика комиссиясының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. М.Жәрімбетов ауылында орналасқан атауы жоқ көшеге Сейсенбай Естібаев көшесі атауы берілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі әкімі                        М.Кишкенебатыров