Көшені қайта атау туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің Тасарық ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 7 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 қаңтарда № 3516 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Оңтүстік Қазақстан облысы ономастика комиссиясының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жамбыл ауылында орналасқан «Қырлы» көшесі «Тасболат Қарсыбайұлы» есімімен қайта аталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жариаланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округі әкімі                          М.Дүйсебаев