"Ордабасы аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Ордабасы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 30/11 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 42/10 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 сәуірде № 3123 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 4/9 шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 22.06.2016 № 4/9 шешiмiмен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 тармағына және Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 2-26-3/613 хатына сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ордабасы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 30/11 "Ордабасы аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2616 тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырда "Ордабасы оттары" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін.
      көрсетілген шешіммен бекітілген Ордабасы аудандық мәслихатының регламентінде:
      7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны аудандық мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
О.Сейдахметов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Б.Садвахасов