Қақпақ ауылы округі Қақпақ елді мекені Д.Қонаев көшесі аумағына шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 19 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 қарашада № 3418 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылдық округі әкімінің 22.12.2015 № 20 шешімімен (алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясының 2015 жылғы 20 қазандағы 1-09/381 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қақпақ ауылы округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қақпақ ауылы округі Қақпақ елді мекені Д.Қонаев көшесі тұрғынының жеке қосалқы шаруашылығында құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты Қақпақ ауылы округі Қақпақ елді мекенінің Д.Қонаев көшесі аумағына шектеу iс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл округі әкімінің орынбасары Б.Сарсеновке жүктелсін.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Ауыл округінің әкімі                       Е.Шорабаев