Қақпақ ауылы округі Қақпақ елді мекені Д.Қонаев көшесі аумағына шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № 5 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 шілдеде № 3241 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылдық округі әкімінің 17.08.2015 № 13 шешімімен (алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясының 2015 жылғы 15 маусымдағы № 1-09/198 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қақпақ ауылы округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қақпақ ауылы округі Қақпақ елді мекені Д.Қонаев көшесі тұрғынының жеке қосалқы шаруашылығында құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты Қақпақ ауылы округі Қақпақ елді мекенінің Д.Қонаев көшесі аумағына шектеу iс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы Б.Сарсеновке жүктелсін.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Ауыл округінің әкімі                       Е.Шорабаев