"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Арыс қалалық мәслихатының 2015 жылғы 2 маусымдағы № 40/238-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы № 45/274-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 қарашада № 3428 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2016 жылғы 20 маусымдағы № 3/17-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 20.06.2016 № 3/17-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілед).
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Арыс қалалық мәслихатының 2015 жылғы 2 маусымдағы № 40/238-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3229 тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Арыс ақиқаты" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
      9 тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) туберкулез ауруының жұқпалы түрi бар азаматтарға ай сайын 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы,
      мәслихат хатшысы Т.Тулбасиев