09.12.2015

"Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 16.05.2016 № 808 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласының құрылыс бөлімінің басшысы Е.Бухарбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 465 қаулысымен бекітілген

"Шымкент қаласының құрылыс бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылыс саласында қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Байтурсынов көшесі, 17 үй, индексі 160011.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы: Шымкент қаласы аумағында құрылыс саласында мемлекет саясатын жүзеге асыру.
      15. Міндеті: қала аумағында құрылыс қызметін жүзеге асыру;
      16. Функциялары:
      1) жаңа құрылыстар салу, сондай-ақ бар құрылыстарды, үйлердi, ғимараттарды, инженерлiк және көлiк коммуникацияларын кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтiру және күрделi жөндеу;
      2) қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы белгiленген тәртiппен әзiрлеу, келiсу, сараптамадан өткізу және бекіту;
      3) аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру объектiлерiн салу;
      4) тиiстi сәулет және қала құрылысы органдарынан, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорыннан (қол жеткiзiлуге шек қойылған ақпараттарды немесе құжаттарды қоспағанда) жобалау алдындағы зерттеулерге, техникалық-экономикалық негiздеменi дайындауға, құрылыстағы инвестициялар негiздемесiне, аумақты игерудi жоспарлауға және (немесе) онда құрылыс салуға, объектiлердi жобалау мен салуға, сондай-ақ оларды кейiннен пайдалануға қажеттi ақпаратты (мәлiметтердi, деректердi, бастапқы материалдарды немесе құжаттарды) сұрауға және алуға;
      5) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;
      7) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыстарды жүргізу;
      8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттің мүдделерін ұсыну және соттарда, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда оның мүліктік құқықтарын қорғау;
      2) құрылыс саласындағы қызметтерді жетілдіру туралы қала әкіміне және орындаушы органдарға ұсыныстар енгізу;
      3) мемелекеттік органдардан және басқада мекемелерден "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатында мәліметтерді сұрату;
      4) "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қатысты қала әкімнің өкімін, қала әкімдігінің қаулысын, шешімін және маслихат жобаларын даярлауға қатысу;
      5) құрылыс саласын дамытуда, инвестицияларды тартуда ортақ стратегияны қалыптастыру және іске асыру;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, заңды тұлға ретінде барлық құқықтарды пайдалану.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
      2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
      3) сенімхаттар береді;
      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
      7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.
      "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлкі коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Шымкент қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Дата вступления в силу:  31.12.2015
Дата изменения акта:  16.05.2016
Дата принятия акта:  09.12.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет" ақпаратттық-құқықтық жүйесі 12.01.2016 ж.; "Шымкент келбеті" 08.01.2016 ж. № 2;
Место принятия:  100066002000
Орган, принявший акт:  166002000001
Регион действия:  100066002000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  97034
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  465
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  001000000000 / 001007000000
Форма акта:  ПОЛ / ПОСТ
Юридическая сила:  1700
Язык акта:  kaz