Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 271 "Квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 576 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 қаңтарда № 3427 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 134 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 14.04.2016 № 134 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5-2) тармақшасына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 271 "Квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2740 тіркелген, 2013 жылғы 4 шілдеде "Серпер" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Аталған қаулының 1 тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) Орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Бектемировке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Баракатов