23.12.2015

Индер ауданы Индербор кентінің кейбір көшелерін қайта атау туралы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35- бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес Индербор кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Индер ауданы, Индербор кентінің мынадай көшелері:
      1) "Барлаушы" шағын ауданы, №1 көшесі – "Керей хан" көшесі;
      2) "Барлаушы" шағын ауданы, №2 көшесі– "Жәнібек хан" көшесі;
      3) "Шығыс" шағын ауданы, №1 көшесі– "Әбілқайыр хан" көшесі;
      4) "Шығыс" шағын ауданы, №4 көшесі – "Қасым хан" көшесі;
      5) "Шығыс" шағын ауданы, №5 көшесі – "Хақназар хан" көшесі;
      6) "Шығыс" шағын ауданы, №11 көшесі – "Есім хан" көшесі;
      7) "Болашақ" шағын ауданы, № 3 көшесі – "Жәңгір хан" көшесі;
      8) "Болашақ" шағын ауданы, №4 көшесі – "Тәуке хан" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Кент әкімі А. Құсайнов


Дата вступления в силу:  05.01.2016
Дата изменения акта:  23.12.2015
Дата принятия акта:  23.12.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 19.01.2016 ж.
Место принятия:  100056008000
Орган, принявший акт:  156008007001
Регион действия:  100056008007
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  97526
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  139
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  001007000000 / 001011001000
Форма акта:  РЕШ
Юридическая сила:  1700
Язык акта:  kaz