Миялы ауылдық округінің Боран Нысанбаев көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 04 наурыздағы № 11 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 наурызда № 3136 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 101 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 21.12.2015 № 101 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 2 наурыздағы № 44 ұсынысына сәйкес, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       Миялы ауылдық округінің Боран Нысанбаев көшесіне бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
       Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қызылқоға аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
       Осы шешімнің орындалысын бақылау ауылдық округ әкімінің орынбасары Ә. Шаймардановқа жүктелсін.
       Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі: Н.М. Бекешов
      КЕЛІСІЛДІ:
      Атырау облысы Денсаулық сақтау
басқармасының "Қызылқоға аудандық
орталық ауруханасы" шаруашылық
жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері
С. Тайшыбай
      "4" наурыз 2015 жыл
      Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
комитетінің Атырау облысы
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаментінің Қызылқоға
аудандық тұтынушылардың құқықтарын
қорғау басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы:
А. Аймуратова
      "4" наурыз 2015 жыл