1. Тасшағыл ауылдық округінің "Тасшағыл" өндірістік кооперативіне қарасты "Өтебай" қыстағындағы ұсақ мүйізді малдар арасында бруцеллез ауруының шағуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қызылқоға аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.