Аудандық коммуналдық меншіктегі мүлікті жекешелендіру туралы

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 255 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда № 3411 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабына, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық коммуналдық меншіктегі мүлік осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.
      2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Әжіғалиевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Мұқанов

  Аудан әкімдігінің 2015 жылғы "22" желтоқсандағы255 қаулысына қосымша


Мүлік атауы
Шыққан жылы
Теңгерім ұстаушысы
1
Су айдау насос станциясы
2000
"Миялы ауылдық округі әкімі аппараты" ММ

      
      ММ- мемлекеттік мекемесі