Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Исатай ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және базалық жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Атырау облысы Исатай ауданы мәслихатының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 273-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 тамызда № 3277 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 295-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 23.12.2015 № 295-V шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Салық кодексінің 387-бабы 1-1 тармағына, 444-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңының 6-бабына сәйкес, Исатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Исатай ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері және базалық жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
       Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 26 маусымдағы № 264-V "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Исатай ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін және базалық жер салығының мөлшерлемелерін он есеге жоғарылату туралы" шешімі жойылсын.
       Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың кезекті
ХХХI сессиясы төрағасы
С. Меңдіғазиев
      Аудандық мәслихат хатшысы Ж. Кадимов