Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Атырау облысы Махамбет ауданы Сарайшық ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 10 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 сәуірде № 3193 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы Сарайшық ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы Сарайшық ауылдық округі әкімінің 15.06.2015 № 16 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 27 ұсынысына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сарайшық ауылдық округіндегі "Сарайшық" асыл тұқымды шаруашылық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағына пастереллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Махамбет аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Махамбет аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Округ әкімі
А. Мастекова

      

КЕЛІСІЛДІ:
Атырау облысы Денсаулық сақтау
басқармасының "Махамбет
аудандық орталық ауруханасы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы
коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорнының бас дәрігері
"22" сәуір 2015 жыл
Е. Сабиров
 
Қазақстан Республикасы
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау агенттігінің Атырау облысы
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаментінің Махамбет
аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
"22" сәуір 2015 жыл
Л. Мамаева