Көшелерге атау беру туралы

Атырау облысы Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 646 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда № 3414 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес, Қайыршақты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі, Бесікті ауылындағы:
      1) №1 көшеге "Қадіржан Үмбетияровтың";
      2) №4 көшеге "Бисембай Дүйсенғалиевтің";
      3) №5 көшеге "Молдағали Балғожиннің" есімі берілсін.
      2. Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі, Көктем шағынауданындағы:
      1) №17 көшеге "Сиғабат Айтжановтың" есімі берілсін.
      3. Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі, Талғайраң ауылындағы:
      1) №1 көшеге "Дүсіп Мұқановтың" есімі берілсін.
      4. Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі, Томарлы ауылындағы:
      1) №4 көшеге "Құрманқұл Демесіновтің" есімі берілсін.
      5. Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі, Томарлы-2 ауылындағы:
      1) №2 көшеге "Тілеш Сахиповтың";
      2) №3 көшеге "Жұбан Қадіршиннің";
      3) №4 көшеге "Муса Кенжеахметовтың";
      4) №5 көшеге "Сармалай Шалхаровтың";
      5) №11 көшеге "Мәжи Мусиннің";
      6) №12 көшеге "Парит Аманғалиевтің";
      7) №13 көшеге "Жаймақ Құлмағамбетовтің" есімі берілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қайыршақты ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Жайбосыновқа жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қайыршақты ауылдық округінің әкімі Ш. Қалиев