Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында тіркеуді және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы N 48 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда N 3518 болып тіркелді

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, "Әскери міндеттілер мен әскери шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасының тіркелу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарын Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігі "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімнің басшылық ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі И.Турков
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
қорғаныс Министрлігі
"Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
Республикалық мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2015 жылдың 8 желтоқсаны
Қ.О.Ысқақов