2016 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарына жататын тұлғалардың нысаналы топтарын анықтау және қосымша тізімін белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № 457 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 желтоқсанда N 3504 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 мамырдағы N 117 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 04.05.2016 N 117 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында тұратын нысаналы топтар анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
       5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асыруында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
       6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
       8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
       9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
       10) оралмандар;
       11) жоғары және жоғары оқу орнына кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
       12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар кіреді.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізімі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;
      3) он екі ай және одан артық жұмыс істемеген тұлғалар.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы жетекшілік етуші Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданының әкімі
В. Дудов