2016 жылы Айыртау ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы N 413 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 қаңтарда N 3532 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы N 165 қаулысымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Талапкерлердің кешенді тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудің және білім беру гранттарын тағайындау бойынша жұмыстары ұйымдастыру нұсқаулықтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 11 шілдедегі № 303 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7079 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 308-312 (27386) санында жарияланған);
      2) «Талапкерлердің кешенді тестілеуі мен білім беру гранттарын тағайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 11 шілдедегі № 303 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 308 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7804 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 477-482 (27555) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі                         А. Сәрінжіпов