14.12.2015

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2016 жылға арналған жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

       "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 487-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысының 2016 жылға арналған жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан
      облыстық мәслихаттың
      XXXХ сессиясының төрағасы А. Сапаров
      Солтүстік Қазақстан
      облыстық мәслихаттың хатшысы Қ. Едіресов

  Облыстық мәслихат сессиясының
  2015 жылғы 14 желтоқсандағы
  № 40/7 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысының жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2016 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері

Арнайы су пайдалану түрі
Өзен, көл, теңіз бассейн-дері
Тұрмыстық-пайдалану және коммуналдық қызметтер (теңге/1000 текше метр)
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда
(1000 текше метр)
Ауыл шаруашылығы
(теңге/1000 текше метр)
 
Су көздерінен су тартуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
(теңге/1000 текше метр)
Гидроэнерге-тика
(1000
квт/ сағат)
 
Су көлігі
(1000 т/км)
Есіл өзенінің бассейні
106,51
295,09
83,81
83,81
29,68
8,73

      

Дата вступления в силу:  21.01.2016
Дата изменения акта:  14.12.2015
Дата принятия акта:  14.12.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі, 29.01.2016
Место принятия:  100065002000
Орган, принявший акт:  165000000002
Регион действия:  100065000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  98112
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  40/7
Статус акта:  new
Сфера правоотношений:  006011000000 / 015003000000
Форма акта:  РЕШ
Юридическая сила:  1600
Язык акта:  kaz