Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы N 40/6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қаңтарда N 3577 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 495-бабы 9-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
XXXХ сессиясының төрағасы
А. Сапаров
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
хатшысы
Қ. Едіресов

  Облыстық мәслихаттың XXXX сессиясының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 40/6 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері

      1. Төлемақы мөлшерлемелері тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерін негізге ала отырып айқындалады.
      2. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №
Ластағыш заттардың түрлері
1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері
(АЕК)
үшін төлемақы мөлшерлемелері, (АЕК)
1
2
3
4
1.
Күкірт тотықтары
20
 
2.
Азот тотықтары
20
 
3.
Шаң және күл
10
 
4.
Қорғасын және оның қосындылары
3986
 
5.
Күкіртсутек
124
 
6.
Фенолдар
332
 
7.
Көмірсутектер
0,32
 
8.
Формальдегид
332
 
9.
Көміртегі тотықтары
0,32
 
10.
Метан
0,02
 
11.
Күйе
24
 
12.
Темір тотықтары
30
 
13.
Аммиак
24
 
14.
Алты валентті хром
798
 
15.
Мыс тотықтары
598
 
16.
Бенз(а)пирен
 
996,6

      
      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардын шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с

Ластағыш заттардың түрлері
1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есеп көрсеткіші)
1
2
3
1.
Көмірсутектер
44,6
2.
Көміртегі тотықтары
14,6
3.
Метан
0,8
4.
Күкірт диоксиды
200
5.
Азот диоксиды
200
6.
Күл
240
7.
Күкіртті сутегі
1240
8.
Меркаптан
199320

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 28.03.2017 № 13/3 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №
 
Отын түрлері
Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК)
1
2
3
1
Этилденбеген бензин үшін
0,66
2
Дизель отыны үшін
0,9
3
Сұйытылған, сығылған газ үшін
0,48

      
      5. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с №
 
Ластағыш заттардың түрлері
1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)
1
2
3
1.
Нитриттар
1340
2.
Мырыш
2680
3.
Мыс
26804
4.
Оттегінде биологиялық сұраныс
8
5.
Тұзды аммоний
68
6.
Мұнай өнімдері
536
7.
Нитраттар
2
8.
Жалпы темір
268
9.
Сульфаттар (анион)
0,8
10.
Өлшенген заттар
2
11.
Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар
54
12.
Хлоридтер (анион)
0,2
13.
Алюминий
54

      
      6. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Р/с

Қалдықтардың түрлері
Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1 тонна үшін
1 гигабеккерель (Гбк) үшін
1
2
3
4
1.
Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, рұқсат етілген үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін:
 
 
1.1.
Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылғыларының кәріздік тұнбасы)
0,38
 
1.2
Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі есепке алынған қалдықтар
 
 
1.2.1.
"қызыл" тізім
14
 
1.2.2.
"кәріптас" тізімі
8
 
1.2.3.
"жасыл" тізім
2
 
1.2.4.
сыныпталмағандар
0,9
 
1.3.
Төлемақы санау кезінде белгіленген қауіптілік деңгейі есепке алынбайтын қалдықтар:
 
 
1.3.1.
Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газ өндіруді қоспағанда):
 
 
1.3.1.1
аршынды жыныстар
0,004
 
1.3.1.2
жанас тау жыныстары
0,026
 
1.3.1.3
байыту қалдықтары
0,02
 
1.3.1.4
шлактар, шламдар
0,038
 
1.3.2
Құрамында пайдалы қазбалар бар кен, концентрат, агломерат пен окатыш өңдеген кезде металлургиялық қайта балқытуда, қорытпалар мен металдар өндіргенде құралатын шлактар, шламдар
0,038
 
1.3.3.
күлдер мен күл шоқтары
0,66
 
1.3.4.
Ауыл шаруашылық қалдықтары, соның ішінде тезек, құс саңғырығы
0,002
 
2.
Радиоактивті қалдықтарды орналастырған үшін, гигабеккерельмен (Гбк):
 
 
2.1.
Трансуранды
 
0,76
2.2.
Альфа-радиоактивті
 
0,38
2.3.
Бета-радиоактивті
 
0,04
2.4.
Шынақты радиоактивті көздер
 
0,38

      
      6-1. Күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемесі бір тонна үшін 7,54 АЕК-ті құрайды.
      7. Мынадай коэффициенттер:
      1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссия көлемі үшін табиғи монополиялар субъектілеріне және Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары төлемақы мөлшерлемелеріне:
      2-тармақта - 0,3 коэффициенті;
      5-тармақта - 0,43 коэффициенті;
      6-тармақтың 1.3.3.-жолында - 0,05 коэффициенті;
      2) түрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналатын тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі үшін коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар 6-тармақтың 1.1.-жолында белгіленген төлемақы мөлшерлемесіне 0,2 коэффиценті қолданылады.
      8. Осы шешімнің 7-тармағында көзделген коэффициенттер қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемі үшін төленетін төлемақыға қолданылмайды.
      9. Экологиялық рұқсатсыз, сондай-ақ белгіленген нормативтерден тыс қоршаған эмиссиялар үшін осы шешімде белгіленген мөлшерлемелер қолданылады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 28.03.2017 № 13/3 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).