14.12.2015

Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарына облыстан тысқары емделуге бюджет қаражаты есебінен ақысыз жол жүруді ұсыну туралы

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 14.11.2017 № 16/6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткең соң қолданысқа енгізіледі)
      "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарына және оралмандарға облыстан тысқары Қазақстан Республикасы шегінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек (әрі қарай - ЖММК) көрсетуге бюджеттік қаражат есебінен ақысыз жол жүру ұсынылсын.
      2. ЖММК алуға жіберілген науқастардың және олардың жолсерік адамының облыстан тысқары Қазақстан Республикасы шегінде жол жүру құнын өтеу "Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі ЖММК алуға берген жолдама бар болған жағдайда бюджет қаражаты есебінен, темір жол көлігінің плацкарт вагоны билетінің құны мөлшерінен аспайтын, әуе, темір жол және қала аралық автомобиль көлігінде (екі жаққа да) жүруіне жүргізіледі.
      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
ХХХХ сессиясының төрағасы
А.Сапаров
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
хатшысы
Қ. Едіресов


Дата вступления в силу:  15.01.2016
Дата изменения акта:  14.11.2017
Дата принятия акта:  14.12.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі, 26.01.2016 ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 29.01.2016 "Солтүстік Қазақстан" газеті № 8, 23.01.2016 "Северный Казахстан" газеті № 8, 23.01.2016
Место принятия:  100065002000
Орган, принявший акт:  165000000002
Регион действия:  100065000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  97891
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  40/9
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  003010000000
Форма акта:  РЕШ
Юридическая сила:  1600
Язык акта:  kaz