"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 354 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 қазанда N 3410 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 маусымдағы N 226 қаулысымен

      Баспасөз релизі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 15, 191-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтың оныншы абзацы алып тасталсын.
      2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 234 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 20, 338-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Конвенция депозитарийі – Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрлігін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің апостиль қою құқығы берілген органдар қатарынан шығарылғаны туралы хабардар етсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов