22.12.2015

Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 2/258 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 11.08.2016 № 3/376 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 2/258 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1037 болып тіркелген, 2014 жылғы 3 мамырда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережедегі:
      15 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "15. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-2 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 38 бабына сәйкес белгіленген:
      1) Алматы қаласы әкімі мен әкімдігін ақпараттық-талдау, құқықтық, ұйымдық, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және өзге де түрде қамтамасыз ету;
      2) қаладағы ішкі саяси және экономикалық ахуалды зерттеу және талдау, оның дамуын болжау, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың жұмысын талдау;
      3) атқарушылық тәртіп жағдайына талдау жүргізу және қала әкіміне хабарлау;
      4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдарының актілері мен тапсырмаларының, қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімі шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
      5) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасының шеңберінде сайлау өткізу мәселелері бойынша ұйымдастырушылық дайындықты және іс-шараларды өткізуді жүзеге асыру;
      6) әкімшілік-аумақтық құрылыс, тіршілікті қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту, көлік инфрақұрылымы, аумақтық даму мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      7) қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдауды жүзеге асыру, стратегиялық жоспарлау, болжау және дамудың болашақ бағыттарын дайындау;
      8) әлеуметтік-мәдени саладағы қызметті үйлестіру;
      9) өзара іс-қимылды ұйымдастыру және ведомствоаралық мәселелер, оның ішінде қала аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыспен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және лаңкестіктің алдын алу мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру;
      10) қала әкімінің және аудандар әкімдерінің халықпен есеп беру кездесулерін өткізуін ұйымдастыру және үйлестіру;
      11) қала әкімдігінің мәжілістерін, қала әкімі мен оның орынбасарларының, қала әкімі аппараты басшылығының кеңестерін, семинарлар мен өзге де іс-шараларды жоспарлау және оларға дайындалу мен өткізуді ұйымдастыру, мәжілістердің материалдары мен хаттамаларын ресімдеу мен таратуды жүзеге асыру;
      12) Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, оның ішінде Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының қатысуымен іс-шаралар өткізу;
      13) өзінің құзыреті шегінде Алматы қаласы әкімдігінің Регламентін сақтауды қамтамасыз ету;
      14) қала әкімінің тапсырмасы бойынша қала әкімдігі мен әкімінің мүдделерін сотта білдіру және қорғау, прокурорлық назар аудару актілерін қарау;
      15) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
      16) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың келесі бағыттар бойынша тиімділігін бағалау:
      мемлекеттік қызметтерді көрсету;
      персоналды басқару;
      ақпараттық технологияларды қолдану;
      17) "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мекемесінің ісін жүргізу және ұйымдастыру, оның ішінде құпия, арнайы байланыс, хат-хабарды өңдеу, нормативтік құқықтық актілердің талаптарына, құпия режиміне сәйкес болуын, "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына өткізу және нысан ішіндегі режимді қамтамасыз ету;
      18) жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      19) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандар әкімдері аппараттарының, атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, олардың жұмысын жетілдіру;
      20) қала әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау, қала әкімдігінің және әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      21) гендерлік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      22) кадр саясатын ұйымдастыру;
      23) мемлекеттік наградалармен, қала әкімінің грамоталарымен марапаттауға ұсыну жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      24) қала әкімдігінің қаулыларының, қала әкімінің шешімдерінің және өкімдерінің жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне сараптама жасау;
      25) нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу, сондай-ақ норма жасау қызметін үйлестіру;
      26) қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз ету;
      27) қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімінің өкімдерінің және қабылдайтын шешімдерінің жобаларын, сондай-ақ "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де жақтарының қала әкімдігінің Регламентіне сәйкестігіне сараптама жүргізу, сараптама нәтижесі бойынша қорытындылар (анықтамалар) әзірлеу;
      28) алқа билеріне кандидаттардың тізімдерін әзірлеу жұмысын ұйымдастыру;
      29) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету;
      30) қала әкімінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету;
      31) "электрондық әкімдік" жүйесін ақпараттандыру деңгейін көтеру және дамыту жұмысын ұйымдастыру;
      32) мемлекеттік органның жұмысының сапасын көтеру және өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру;
      33) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
      34) әскери басқарудың жергілікті органдарына олардың жұмысына бейбітшілік уақытында және жұмылдыру жарияланған кезде жәрдемдесу;
      35) әскери міндеттілерді броньдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      36) мемлекеттік органдарды және ұйымдарды жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайында және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру;
      37) жұмылдыру жоспарларын әзірлеу және бекіту;
      38) уәкілетті органның аумақтық органымен бірлесе отырып, жергілікті масштабтағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды орындауды ұйымдастыру;
      39) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
      40) бекітілген бюджетке сәйкес жергілікті бюджеттің төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде орындалуын қамтамасыз ету;
      41) іс-қағаздарын кезең-кезеңмен мемлекеттік тілде енгізу;
      42) "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қала әкімі жүктеген өзге де функциялар.".
      2. "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) Алматы қаласының әділет органдарына оның Құрылтай құжаттарына енгізілген өзгеріс туралы хабарласын;
      2) осы қаулының интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 2/258 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы М. Сембековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек


Дата вступления в силу:  19.01.2016
Дата изменения акта:  11.08.2016
Дата принятия акта:  22.12.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Алматы Ақшамы" 28.01.2016 ж. № 11 (5204); "Вечерний Алматы" от 28.01.2016 ж. № 11 (13011); "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 22.01.2016 ж.;Информационно-правовая система "Әділет" 22.01.2016 г.
Место принятия:  100055000000
Орган, принявший акт:  155000000001
Регион действия:  100055000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  97755
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  4/665
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  001007000000
Форма акта:  ПОЛ / ПОСТ
Юридическая сила:  1700
Язык акта:  kaz