Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдеғы № 2/232 қаулысы. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 сәуірде № 1158 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 10 акпандағы № 1/48 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің 23.12.2015 N 9 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының 2015 жылғы 11 сәуірдегі № 4 хаттамасы негізінде, Нұра ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Нұра ауданы әкімінің орынбасары Досбол Боташұлы Бекмағамбетов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Нұра ауданының әкімі Қ. Бексұлтанов