Шарбақты ауданы Татьяновка ауылдық округінің Малиновка ауылындағы көшелерін қайта атау туралы

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Татьяновка ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 4899 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, 2015 жылғы 2 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Шарбақты ауданы Татьяновка ауылдық округінің Малиновка ауылының келесі көшелері қайта өзгертілсін:
      "Южная" көшесін "Махмет Қайырбаев" көшесіне;
      "Юбилейная" көшесін "Серікбай Мүткенов" көшесіне.
      2. Осы шешімнің орындалуы бақылауын өзіме қалдырамын
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
      Әкім Қ. Әліжекеев