Ақсу қалалық мәслихатының (V сайланған XXXXI сессиясы) 2014 жылғы 24 желтоқсандағы "2015 - 2017 жылдарға арналған Ақсу қаласының бюджеті туралы" № 304/41 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 332/45 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 сәуірде № 4447 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 20.05.2016 № 16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387 - бабы 1-1 - тармағына, 444 - бабы 1 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері және базалық жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Кезектен тыс
Сессияның төрағасы
Н. Булатов
      Аудандық
мәслихаттың хатшысы
В. Вербовой