2016 жылға Павлодар облысында субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттардың тізбесін бекіту туралы

Павлодар облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 407/46 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 4873 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 48/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 22.06.2016 № 48/4 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 қыркүйектегі "Әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидасын бекіту туралы" № 1014 қаулысының 11-тармағына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2016 жылға Павлодар облысында субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы С. Сыздықов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Берковский

  Павлодар облыстық
мәслихатының 2015 жылғы
10 желтоқсандағы (V сайланған
ХLVІ сессия)
№ 407/46 шешімімен
бекітілді

2016 жылға Павлодар облысында субсидиялауға жататын
әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттардың тізбесі

№ т/б
Қала және аудан атауы
Маршруттардың тізімі
1
Ақтоғай ауданы
1) Шолақсор – Ақтоғай - Шолақсор
2) Барлыбай – Ақтоғай - Барлыбай
3) Қарабұзау – Харьковка - Ақтоғай
4) Шұға – Басқамыс – Жолболды – Разумовка - Ақтоғай
2
Баянауыл ауданы
1) Майқайын – Баянауыл - Майқайын
2) Ақши – Ұзынбұлақ - Баянауыл
3) Ж.Аймаутов – Лекер - Баянауыл
4) Шоман – Күркелі – Жарылғап – Қаражар - Баянауыл
5) Жаңажол - М.Ж.Көпеев мемориалды комплексі – Жаңажол – Бүркітті – Егіндібұлақ - Баянауыл
3
Ақсу қаласының ауылдық аймағы
1) Беловка маршруты
2) №1 маршрут
3) №3 маршрут
4) №6 маршрут
5) №7 маршрут
6) Ақсу – Сарышығанақ
7) Ақсу – Құркөл
8) Ақсу – Парамонов
9) Ақсу – Сольвет
10) Ақсу – Үштерек
4
Железин ауданы
1) Железинка - Моисеевка
5
Қашыр ауданы
1) Тереңкөл – Ивановка – Львовка – Фрументьевка – Воскресенка – Березовка - Трофимовка
2) Ынталы ауылына кіретін Тереңкөл ауылы бойынша
6
Лебяжі ауданы
1) Жабағылы - Аққу
2) Бесқарагай - Аққу
3) Баймолдин - Аққу
4) Қазантай - Аққу
5) Майқарағай - Аққу
6) Шоқтал - Аққу
7
Май ауданы
1) Ақшиман-Көктөбе - Ақшиман
8
Павлодар ауданы
1) Ольгинка - Павлодар - Ольгинка
2) Жамбыл – Павлодар - Жамбыл
3) Маралды – Павлодар - Маралды
4) Павлодар – Новоямышево – Әйтім – Қаратоғай – Жертұмсық - Бірлік
9
Успен ауданы
1) Дмитрев – Коңырөзек - Успенка
2) Надаров – Вознесенка - Чистополь - Успенка
3) Тимеряз – Ольховка - Успенка
10
Ертіс ауданы
1) Қосағаш – Ертіс - Қосағаш
2) Майқоңыр – Ертіс - Майқоңыр
3) Қызылағаш – Ертіс - Қызылағаш
4) Ертіс – Амангелді - Ертіс
5) Қызылжар – Ертіс - Энергоорталық
11
Шарбақты ауданы
1) Шарбақты - Қарабидай
2) Шарбақты - Жылыбұлақ