Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 73 "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 211 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 желтоқсанда № 6032 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 80 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 20.05.2016 № 80 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 73 "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5483 тіркелген, "Нұрлы жол" газетінде 2015 жылы 16 сәуірде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген, "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесінің тарауында көрсетілген "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі келесі мазмұнда 34)-тармақшасымен толықтырылсын:
      "34) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ұзынкөл ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушысы Б. Мұхамедяров