"Приозерное ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 226 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қазанда № 5940 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 160 қаулысымен

      Қазақсатан Республикасының 2002 жылдың 10 шілдесіндегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы 2 тармағының 10 тармақшасының негізінде және Осакаров ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторы Мұратбек Жақыпбайұлы Бейсенбековтың 2015 жылдың 28 қыркүйегіндегі № 02-29/843 ұсынысы негізінде, Звездное ауылдық аумағында жылқы арасынан ринопневмония ошағын жою бойынша ветеринариялық – санитариялық іс-шаралар комплексінің өтуіне байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Звездный ауылдық округінің Звездное ауылы аумағында белгіленген шектеу іс – шаралары тоқтатылсын.
      2. Осакаров ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 33/01 "Звездный ауылдық округінің Звездное ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 26 маусымдағы № 3301, болып тіркелген 2015 жылғы 4 шілдедегі № 27 (7459) "Сельский труженик" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Н.Ламбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы
      Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау
      Комитетінің Осакаров аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      __________________М.Бейсенбеков

      2015 жылдың 29 қыркүйек