23.12.2015

"Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 24.02.2017 № 111 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қостанай аудандық
      мәслихатының кезекті
      сессиясының төрағасы А. Черкасов
      Қостанай аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Досжанов

  Қостанай аудандық
мәслихатының
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 358 шешімімен бекітілген

"Қостанай аудандық мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қостанай аудандық мәслихатының ұйымдастырушылық, құқықтық, материалды-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық мәслихат хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 111100, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Калинин көшесі, 65.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы: Қостанай аудандық мәслихатының, оның органдарының және депутаттардың қызметін қамтамасыз ету.
      15. Міндеттері: мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, мәслихат депутаттарына өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
      16. Функциялары:
      1) мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсетеді;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан мәслихат құзыреті мәселелері бойынша қажетті ақпараттар, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу;
      2) мәслихат аппаратын жүргізуге қатысты мәселелер бойынша қызметтік хат алмасу;
      3) мәслихат және оның органдарының отырыстарына қатысу;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның
қызметін ұйымдастыру

      18. "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы - мәслихаттың хатшысы жүзеге асырады.
      19. Мәслихат хатшысы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады және қызметінен босатылады.
      20. "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады;
      2) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
      3) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
      5) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
      6) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн мәслихаттың тұрақты комиссиялары бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша орындайды.
      21. "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аудандық мәслихаттың аппарат басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта
ұйымдастыру және тарату

      25. "Қостанай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Дата вступления в силу:  21.01.2016
Дата изменения акта:  24.02.2017
Дата принятия акта:  23.12.2015
Информация об официальном опубликовании акта:  "Арна" 04.02.2016 ж.; "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 17.02.2016 ж.
Место принятия:  100062012000
Орган, принявший акт:  162012000002
Регион действия:  100062012000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  98342
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  358
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  001007000000
Форма акта:  ПОЛ / РЕШ
Юридическая сила:  1600
Язык акта:  kaz