Қостанай облысы Қамысты ауданы Аралкөл ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 403 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 6167 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 307 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 11.03.2020 № 307 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қамысты ауданы Аралкөл ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қамысты ауданы Аралкөл ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

М. Орқашбаев

Қамысты аудандық


мәслихатының хатшысы

Б. Рахимжанов


  Мәслихаттың
2015 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 403 шешімімен бекітілген

Қостанай облысы Қамысты ауданы Аралкөл ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы Қамысты ауданы Аралкөл ауылының (бұдан әрі – Аралкөл ауылы) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Аралкөл ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Аралкөл ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Аралкөл ауылының әкімі шақырады.

      Қамысты ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шакырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Аралкөл ауылы шегінде бөлек жиынды өткізуді Аралкөл ауылының әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Аралкөл ауылының тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Аралкөл ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Аралкөл ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Аралкөл ауылының тұрғындары өкілдерінің кандитаруларын Қамысты аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Аралкөл ауылының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Аралкөл ауылы әкімінің аппаратына береді.

  Мәслихаттың
2015 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 403 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Қамысты ауданы Аралкөл ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Өкілдерінің саны (адам)

1.

Аралкөл ауылы

12